«Мамыр-ынтымақ айы» іс-шаралар жоспары аясында «Мектебім,саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітірушілер іс-шарасы өткізілді.Аталмыш шараға құрметті қонақтар ретінде ұстаздар, ата-аналар, Қамқоршылық кеңес мүшелері,үкіметтік емес ұйым өкілдері шақырылды.Мектеп директоры Е.А.Аманжолов жас түлектерге жүрекжарды тілегін білдіріп, үздік, қоғамда белсенді оқушыларды аудандық, мектепішілік алғыс хаттармен марапаттады.Сонымен қатар, түлектердің ата-аналары ұстаздарға алғыс білдіріп, жас түлектерге сәт сапар тіледі.


